30.09.2023
Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке аңыз адамның сапары: Геннадий Головкинмен кездесу!

Ұмытылмас естелік қалдыратын тарихи сәттер – аңыз адам Геннадий Головкин Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектепке сапармен келді, ол барлығымызға тек қана кәсіптік машықтарын ғана емес, сондай-ақ, шабытын ала келді.
Оқушылардың көбісіне геннадий Головкиннің сапары ұмытылма сәт болды. Мектепгі акті залының барлығы бір түрлі қобалжу мен қуанышқа толды. Балалар оның келуін асығыспен күтіп, келген сәтінде атмосфера ду қол шапалақтау және шаттықпен айқайға толды.
Головкин оқушылармен берілген әр сұрақты көңіл бөліп тыңдады. Содан өзінің тәсілдерімен бөлісіп, бокстағы карьерасы, көрсеткен қажырлығы және өзімен жұмыс жасағаны туралы айтты. Ол өмірде немесе спортта жетістіктерге жету үшін көздеген мақсатқа жетудің және адалдықтың маңыздылығы туралы айтты.
Осы кездесудегі ең маңызды сәттердің бірі- ол Геннадий Головкиннен қолтаңба алу. Балалар қолтаңбаны боксер перчаткасында, постер және футболкаларға қойғызып алу үшін боксшыға кезегімен тұрды.
Геннадий Головкиннің Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектепке деген сапары балалардың жадында мәңгі қалатын ерекше күн болып қалды. Головкин өзіне мақсат қоюдың маңыздылығын, және де ынта және құштарлығымен биік белестерге жетуге болатынын атап өтті. Бұл балаларға арманына және жетістіктерге жету үшін жолдағы кездескен қиындылықтарға тойтарыс беріп, жеңе білуге үйретер іс-шара болды.
Қызметкерлер және оқушылар атынан осы кездесуді ұйымдастырған мектептің негізін қалаушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

Хабарласу