Мектеп неге Шоқан Уәлиханов атында?
Шоқан Уәлиханов – жан-жақты жарқын тұлға, ағартушы-демократ, саяхатшы, шығыстанушы және этнограф.

1835 жылы Құсмұрын шатқалында, зиялы қазақ отбасында дүниеге келген. Атасы – қазақтың соңғы ханы Абылайдың баласы. Әкесі – Шыңғыс Уәлиханов аға сұлтан, полковник, білімді, жергілікті фольклорды, тұрмыс-салтты зерттеуге ықпал еткен адам.

Алғашқы білімін ауылда алған, тіл, сурет, поэзия өнерін меңгерген. 1847 жылы 12 жастағы Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусында оқи бастап, ұстаздарын тарих, география және филологияны үйренуге деген қабілетімен таңқалдырады. Кейін корнет дәрежесінде генерал-губернатор Г.Х. Гасфортқа адьютант қызметіне тұрып, Орта Азия халықтарының мәдениетін зерттей бастайды, саяхаттап, қазақ тілі мен ғұрпы туралы мақалалар жазады. Үш жыл өтпей-ақ Шоқан Құлжаға ғылыми-зерттеу экспедициясына аттанып, Жоңғар тарихымен танысады. 1858 жылы Қашғарға құпия сапарға барып, саяхатшы А. Шлагинтвейт қалай қаза тапқанын анықтап, қызықты тарихи деректер жинап қайтады. Денсаулығына бола қазақ даласына қайта оралып, болыс сайлауына түседі, бірақ жергілікті билік өкілдерінің сайлау нәтижесін бұрмалап жібергеніне өкпелеп, оңтүстікке қоныс аударып, сонда 1865 жылы өкпе ауруынан қайтыс болады.

Мектеп неге Шоқан Уәлиханов атында?

Мектеп қазақ интеллигенциясының жарқын өкілі Шоқан Уәлиханов атымен аталып, соған лайық қалыптасуының басты себебі – Шоқан қазіргі Қазақстан жастарына үлгі тұтарлық ең лайық тұлға екенінде.

Ұлы ғалым дәулетті отбасында дүниеге келгеніне және ықпалды тұлғалардың арасында өскеніне қарамастан, таптауырын жолмен жүруді қаламай, қажырлы еңбегімен жаңа белестерді бағындырды. Туған өлкесінің тарихы мен дәстүрін зерттеуге елеулі үлес қосты. Оның табандылығы орыс тілін білмей кадет корпусына оқуға түсіп, бес жылда тілді меңгеріп қана қоймай, тарих, география, картография және басқа да пәндерде үздік жетістікке жеткенінен көрінеді. Ш.Уәлиханов өмірінің соңына дейін өз отанының патриоты болды, атқарған еңбегі дүниежүзінде танылып, мойындалды. Жан-жақты білімі оны қазақтың тұңғыш суретшісі деген атаққа әкелді.

Оның бір бойында нағыз көшбасшыға лайық қасиеттердің бәрі тоғысқан, сондықтан да мектебіміздегі оқу-тәрбие процесі оның өмірдегі және ғылымдағы үлгісіне сүйенеді.

Жоңғария очерктері

Көшіріп алу

Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары

Көшіріп алу

Тәңір

Көшіріп алу

Ыстықкөл күнделіктері

Көшіріп алу

Құлжа күнделіктері

Көшіріп алу

Сібір тарихынан хаттар

Көшіріп алу

Айғаным – Шоқанның әжесі

Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуында оның әжесі – Айғаным Сарғалдаққызының атқарған қызметі зор. Шоқан әжесін өмір бойы ұстаз тұтты, оның есінде әжесі айбынды, еңселі әйел, дала ғұрпын сақтаушы ретінде қалды.

Айғаным іскер, белсенді әйел болған, араб, парсы, шағатай, орыс және француз тілдерін еркін меңгерген. Ұлдары мен немерелерінің бойында шығыс әдебиетіне және өз халқының тарихына деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті оятқан да – Айғаным. Уәли хан қайтыс болған соң оның әулетін басқару тізгіні Айғанымның қолына көшті. Император І Александр мен генерал-губернатов П.Капцевичтің қаулысымен Айғанымға арнап салынған қыстақта Шоқанның бала кезі өткен. Омбы кадет корпусынан жазғы демалысқа ол сонда баратын. Бұл оқу орнына да әжесінің арқасында түскен, өйткені баланы Омбыға жіберіп оқыту керек деп табандап тұрып алған сол әжесі еді.

Бүгінде «Айғаным» қыстағы – ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші әрі мемориалдық сәулет кешені.

Хабарласу