10.08.2025
Қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

2025 жылдың 20–28 шілде аралығында Баку қаласында өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (International Economics Olympiad, IEO) әлемнің ең үздік жас дарындары бақ сынады.

Солардың қатарында мектебіміздің түлегі, ал қыркүйектен бастап Гарвард университетінің студенті атанатын — Оспан Томирис ???? қола медаль иеленіп, ел абыройын асқақтатты!

Бұл — табандылықтың, білімге деген құштарлық пен еңбекқорлықтың айқын жемісі.

Томиристі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен сәттіліктер серігі болсын! ????????

Сондай-ақ, Томиристің жетістікке жету жолында бағыт-бағдар берген ұстазы — Чингизхан Болатбековичке зор алғысымызды білдіреміз! ????

Мұндай жетістіктер — мектебіміз үшін зор мақтаныш! ????

Хабарласу