Мектептегі өзін-өзі басқару
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп
Мектептегі өзін-өзі басқарудың міндеті:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты идеяларды іске асыру
мектепте іс-шаралар ұйымдастыру
балалардың мектепте өткізетін бос уақытын жақсарту
Мектептегі өзін-өзі басқару дегеніміз:
Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократиялау: оқушылар мен мектеп әкімшілігі, ұстаздардың өзара әріптестігіне жол ашу
Оқушының үнін есту
Оқушылардың қызығушылығы мен мүддесін іске асыруына жағдай жасау
Оқушылардың көшбасшы дағдысын дамыту
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру
Оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымы
Құрылтай
мектептегі өзін-өзі басқаруды баршаның құқығы тең, ал не нәрсені талқылау «ортаға салу» ұстанымымен жүретін дала демократиясы принципі бойынша басқару аппаратына сүйеніп ұйымдастыру. Қатысушылардың бәрінің дауыс беруде дауыс дәрежесі тең.
Уық Интеллектуалды даму
Интеллектуалдық даму бағыты: ойын, пікірсайыс, Ted-talks
Уық Мәдениет
Мәдениет бағыты: мектепішілік және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыру
Уық Үйірмелер
Үйірмелер мен клубтар бағыты, сыныптан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру
Уық Спорт
Спорт бағыты, оқушылар арасында спорттық ойындар мен саламатты өмір салтын насихаттау
Уық Асар
Әлеуметтік жобалар бағыты: әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелердің шешімін табу
Уық
Біздің мектебіміздегі өзін-өзі басқаруға қатысты ұстанымда сол сәуле оқушылардың оқуында және бос уақытын өткізуінде әр бағытқа жарық береді. Әр уық – мектептегі өзін-өзі басқару жүйесінің ішіндегі жеке бағыт, олардың айырмашылығы тек бір принцип, белсенділік түрінде ғана.
(киіз үй үш бөліктен тұрады: шаңырақ, уық пен кереге. Шаңырақ – киіз үйдің аспан күмбезіне ұқсайтын орталық элементі. Уық сол аспан күмбезінен шашыраған күн сәулесі іспетті).
Оқушылар клубтары мен жобалары
Хабарласу