Ш.Уәлиханов атындағы мектеп 1-11 сыныптарда қазақ және орыс тіліндегі бөлімдерде оқитын 800 балаға есептелген. Мектебімізде жоғары білікті педагог кадрлар, қосымша білім берудің бірегей бағдарламасы және заманға сай инфрақұрылымы арқылы оқытуға барынша оңтайлы жағдай қалыптастырып, білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ең жоғарғы деңгейде оқыту мен білім беру – мектептің педагогтар ұжымы қызметінің басты ұстанымы. Мектебіміз әр оқушының жеке дамуын қадағалауға мүмкіндік беретін білімді бағалаудың объектив әрі айқын жүйесіне жүгінеді. Оқыту тиімділігіне қазақстандық және халықаралық тәжірибедегі білім беру технологияларын біріктіру арқасында қол жеткізіледі.
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп қоғамда табысқа жететін тұлға қалыптастыру мақсатында оның қалыптасу барысында өз өмірін саналы түрде дамытуға қажет білім мен дағдыларды меңгеруіне ықпал ететін тәрбие беру процесіне ерекше көңіл бөледі.
Тәрбие беру процесі ұлттық және жалпыға ортақ құндылықтарға сүйенетін сыртқы және ішкі мәдениет деңгейі жоғары оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.
Content. Мектеп оқушыға ұсынылатын білімнің саны мен сапасына кепілдік береді.
Critical Thinking. Мектеп ұстаздары әзірлеген авторлық бағдарламалары оқушының ойлау типтерінің барлығын дамытуға ықпал етеді.
Creativity. Мектеп оқушылардың да, ұстаздардың да шығармашылығының қай түріне әртарапты қолдау көрсетеді.
Communication. Мектеп ұстаздары сөйлеу және аудитория алдында сөз ұстау машығын дамыту бағдарламаларын әзірлеген.
Confidence. Мектеп әр оқушы өз тұлғасы бірегей және маңызды екенін сезінуіне қолайлы ахуал қалыптастырады.
Collaboration. Мектеп сенім мен құрметке сүйенетін өзара тиімді сабақтастық пен әрекеттестікке қолдау көрсетеді.
Балалар мектепке білім алуға барады дейміз. Әңгіме тек сол қандай білім екенінде. Синус, косинус, квадрат теңдеулер деген күнделікті өмірде қолданыла бермейді. Ал тарих оқулықтарында баяндалатын кез келген оқиғаға кем дегенде екі көзқарас тұрғысы бар. 11-сыныпта оқытылатын физика заңдары жүздеген жылдар бұрын ашылған. Сонда балалар мектепке қандай білім алуға барады?
Біздің идеямыз – мектепте оқытылатын пәндер адамды қазіргі әлемде табысқа жетелейтін дағдылар мен қасиеттерді меңгеруге керемет үлгі екенінде. Мысалы, тарих балаларды фактілер мен оқиғаларды өзара байланыстыра сараптап, қоғамның даму заңдылықтарын түсінуге, болып жатқан жағдайларға өз көзқарас тұрғысын қалыптастырып, оны қорғай білуге үйретеді. Нақты ғылымдар айқын да анық себеп-салдар қатынасын түзу қабілетін дамытады. Икемді де креатив ойлау дағдысын қалыптастырудағы математиканың атқаратын қызметін асыра бағалау да қиын. Тіл үйренудің арқасында балаларға бүкіл дүниежүзімен тең сөйлесіп, ақпарат алмасуға мүмкіндік беріледі.
Адамның ертеңгі жетістігі бүгінгі меңгерген машығына байланысты. Біз өз Құндылықтарымызда Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің түлегінің бойынан табылатын қасиеттер мен дағдыларды көрсетуге ұмтыламыз. Менің ойымша, олардың ішіндегі ең маңыздысы – өзіндік тәртіп, эмоциялық интеллект, жауапкершілік, креатив және қабілеттерін ұштауға ұмтылыс болмақ. Осы аталған мінез сипаттары жас адамның кез келген қызмет саласында, оның ішінде оқуда, жұмыста және отбасында жарқын жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Бұл айтылғандар біз академиялық білімнің маңызын жете бағаламайды деген ойға жетелемесе керек. Терең академиялық білім қашанда әкімшілік пен ұстаздар жұмысының басты бағыты болып қала береді. Ұстаз – Мектептегі басты тұлға. Жұдырықтай жұмылған ұжымымызда тек өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсете алатын нағыз мамандар жұмыс істейді.
Таным мен шығармашылықтан рахаттану, жақсы атқарылған жұмыстан ләззат алу, достармен мазмұнды қатынастан бақытқа бөлену, жұдырықтай жұмылған қуатты мектеп қауымдастығымен араласу, өз бірегейлігің мен маңыздылығыңды сезіну – Мектеп балаға бере алатын және беруге тиіс оң сипатты эмоциялар осы.
Мектебімізге қош келдіңіз!
Толығырақ