Қазақстан Республикасының мектеп білім беру бағдарламасын дамыту аясында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп 7–9 сынып оқушыларына арналған 10 білім беру грантын бөлетінін қуана хабарлайды!
Гранттар қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналып, байқау негізінде үлестіріледі. Үміткерлер бірнеше пәннен тест тапсырып, баланың портфолиосы қаралады.
Тест нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған оқушылар мектепке ТЕГІН қабылданып, білім алу мүмкіндігіне ие болады!
Маңызды!
✅ Гранттар 7–9 сынып оқушыларына арналған;
✅ Оқыту тілі — қазақ тілі;
✅ Грант алу үшін үш пәннен емтихан тапсыру қажет: қазақ тілі, ағылшын тілі және математика;
✅ Тіркеу формасын толтырған кезде міндетті түрде баланың портфолиосын қоса тіркеңіз. Портфолиоға келесі құжаттар кіруі мүмкін: сертификаттар, грамоталар, алғыс хаттар және баланың республикалық, облыстық немесе қалалық зияткерлік байқаулар мен олимпиадаларға қатысқанын растайтын басқа да құжаттар;
✅ Тест тапсыру күні — 2025 жылдың 3 маусымы;
Егер балаңызды оқуға тіркегіңіз келсе, төмендегі сілтеме арқылы өтіп, арнайы форманы толтырыңыз:
???? https://grant.shoqanschool.kz/
Қосымша ақпарат үшін мына нөмірге хабарласыңыз:
???? +7 700 97 000 97